Готовый кроссворд по фармацевтике - на тему «Жидкие лекарственные формы (каз.)»

 
По горизонтали
2. Қатты дисперстiк фазаның сұйық дисперстiк ортада таралған микрогетерогендi система.
3. Вискозиметриялық құрылғы арқылы жүзеге асатын сапа көрсеткiшi:
4. Затты бiр рет қабылдау мөлшерi немесе дәрiлiк затты белгiлi бiр мөлшерде қабылдау:
6. Жеке бапта басқа нұсқаулар болмаған кезде анықталатын заттардың құрамы граммен, миллиграмммен немесе әсер ету бiрлiктерiмен бiр граммда немесе дәрiлiк заттың бiр дозасында көрсетiледi:
7. Дозаланған дәрiлiк заттың бiрлiгiнде әсер етушi зат құрамын сынау бұл құрамның сынақ үлгiсiндегi орташа құрамға қатысты белгiленген шектерде бар-жоғын анықтау мақсатында дәрiлiк заттың жеке бiр дозалы бiрлiктерiндегi құрамын сандық анықтауға негiзделген сапа көрсеткiшi:
9. Стандартты үлгiмен немесе сумен салыстырылып анықталатын сапа көрсеткiшi:
По вертикали
1. Дәрiлiк зат құрамында басқа өнiм немесе қоқым жоқ екендiгiне көз жеткiзу үшiн жүргiзiлетiн және бiрнеше категориялары бар сапа көрсеткiшi:
2. Өзiне тән дәмi мен иiсi бар қою, мөлдiр сұйықтық:
3. Тиiстi ерiткiштегi бiр немесе бiрнеше белсендi заттардың ерiтiндiсi, эмульсиясы немесе суспензиясы болып табылатын және арнайы құрылғының көмегiмен мөлшерленетiн сұйық дәрiлiк түр:
5. Бұл әртүрлi ерiген заттардың ерiтiндiлердiң осмостық қысымына қосқан үлесiн бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiш.
6. Иньекцияға арналған сұйық дәрiлiк заттарға қойылатын ең басты сапа көрсеткiшi
8. Сұйық, қатты немесе газ тәрiздi заттарды тиiстi ерiткiште немесе бiртектi дисперстi жүйелердi қалыптастыру үшiн бiр-бiрiмен араласатын ерiткiштер қоспасында ерiту арқылы алынған сұйық дәрiлiк форма:





Околостуденческое

Рейтинг@Mail.ru

© 2009-2024, Список Литературы